Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. Ал енді ДНҚ жайлы көпшілік біле бермейтін фактілерді ұсынамыз.

Адамның ДНҚ-сының 8 пайызы адамдар ауырған ежелгі вирустардан құралады.

Барлық адамдардың ДНҚ - сының 99,9 пайызы бірдей болып келеді, ал қалған 0,01 пайызынан  түрлі айырмашылықтарды табуға жеткілікті.

Ал адамның ДНҚ-сы 50 пайыз бананның РНҚ-сына ұқсастығы жайлы естіген боларсыз.

Егер адамның барлық денесіндегі ДНҚ клеткаларын тізіп, ұзін жіп жасаса 10 000 000 000 миль қашықтыққа жетеді екен. Бұл Жерден Плутонға барып, қайта оралғанмен тең.

2 грамм ДНҚ  сандық нұсқада жазылған әлемдегі барлық ақпаратты сыйдыра алады.

Адамдар эволюция кезеңдерінде ДНҚ-ның кейбір кодтарын жоғалтын алуы мүмкін. Соның нәтижесінде   физиологиялық өзгерістер орын алады.

Гарвардта жасалған тәжірибе барысында 1 грамм ДНҚ-ға 700 терабайт ақпаратты сақтауға мүмкін болған.

«The Qazaq Times»