Ыстық көлдің Балықшы қаласына 35-40 шақырым қашықтыққа орналасқан Қызыл-Омпол уран кенін ашуға ел тұрғындары жағынан қарсылық барған сайын күшеюде. Ел тұрғындары әлеуметтік желілерде және кен аймағында наразылық шараларын өткізді. Олар уран кенінің зардабы ауыр, зияны көп болады деп қарайды. Дегенмен, бұған ұқсамаған пікірлер де бар.
Қызыл-Омпол уран кенін барлауға 2010 жылы үкімет тарабынан рұқсат берілген. Барлау қызметі 2020 жылы аяқталуға тиіс болған. Халықтың күште наразылығынан кейін үкімет тарабы арнайы комиссия құруға шешім шығарды. Құрылған арнайы комиссия аталған мәселені аз күннің ішінде шешуге міндетті. Комиссия өз жұмысын қорытындылағанға дейін кен барлау қызметі де уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Дегенмен, уран кенін ашу турасында талас-тартыс бірыңғай қарсылық пікірлерде ғана емес. Қырғыздың әлеуметтік желілерінде кенді ашып пайдалануды қолдаушы пікірлер де көп. Таласты тақырып қазір сол елдегі барлық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналған.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?