Францияның Статистика және экономикалық зерттеулер бойынша ұлттық институты (INSEE) Еуропадағы кедейлік индексін жариялады.
Мәліметтерге сәйкес, одаққа мүше елдер тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 2008-2017 жылдар аралығында төмендей түскен. Биыл Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер арасында кедейлік көрсеткіші бойынша үлкен айырмашылық бар. Мәселен, 9 млн француздың табысы Еуропадағы орташа табыстың 60%-нан төмен. Бұл Еуроодақ бойынша 17,3%-ға төмен көрсеткіш.
Еуроодақ құрамындағы 28 мемлекет арасында кедейлік деңгейі өте төмен, азаматтарының әл-ауқаты біршама жоғары елдердің көшін Чехия бастап тұр. Мемлекеттің орташа табысы айына 620 еуроны құраған. Бұдан кейінгі орындарда Финляндия, Словакия, Голландия елдері тұр. Көрсеткіш бойынша сегізінші орын алған Аустрияда орташа табыс 1 155 евро көлемінде.
2018 жылы Еуропа Статистикалық орталығы Еуропаның 112,9 млн азаматы кедейліктің аз-ақ алдында тұр деп хабарлаған болатын. Бұл сан тұтас ЕО-ға мүше елдер халқының 22,5%-ы. Ал 2017 жылғы көрсеткішке сәйкес, Болгария халқының 38,9%-ы, Румынияның 35,7% халқы, Грекияның 34,8% азаматына кедейлік қаупі төнген. Аталған көрсеткіш қазіргі де сол қалпында.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті