АҚШ Әділет министрлігі прокурор Роберт Мюллердің Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы жайлы баяндамасын Конгреске табыстады.
Washington Post мәліметінше, демократтар құжаттағы деректерге сенім білдірмей, прокурор Мюллердің конргеске келіп есеп беруін талап етті. Бас прокурор Уильям Барр шешімді қолдағанмен, Мюллер ресми жауап қайтарған жоқ. Ал президент Трамп «тергеудің қолдан жасалғанын және үлкен жала жабушылық» екенін айтты.
Роберт Мюллер 2017 жылдан бастап Дональд Трамптың сайлау штабы мен ресейлік билік арасындағы келісімді зерттеумен айналысып келеді. Оның ойынша, президент сайлауы әділетсіз өткен. Ал Трамп Мюллердің әрекетін «шайтан аулау» деп атаған болатын. Осыған дейін Трамп өзінің Twitter парақшасында «Мюллер – жанжал туғызуды жаны сүйетін адам, ал тергеу – негізсіз және түкке тұрғысыз. Осы тергеуге атсалысып жатқандар біздің ұлтты ұятқа қалдырушылар!» –деп жазды. Бұған дейін Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп: «Тергеуге салынған миллиондаған, миллиардтаған долларлар көкке ұшты. Мен тергеушілердің шалыс басқанына сенімдімін, себебі олар шайтан аулағыштар» – деп сынға алған.
Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы туралы тергеу осыдан екі жыл бұрын басталған. Іс кезінде 34 адамға айып тағылды. Оның алтауы президент Трамп командасында болғандар. Бірақ тергеу Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқанын дәлелдейтін айғақ таппады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр