Түркия мен АҚШ келісімге келе алмады.
«The Wall Street Journal» басылымының мәліметінше, ресми Анкара мен Уашингтон ресейлік С-400 зымыран жүйесіне байланысты келісімге келе алмаған. Алдын ала болжам бойынша, Түркия С-400 зымыран жүйесін осы жазда қолданысқа енгізеді.
Бұған дейін АҚШ Ресейдің С-400 зымыран жүйесі НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін айтып, қажет болған жағдайда алдағы уақытта Түркияға F-35 ұшақтарын сатуға тыйым салатынын мәлімдеген. Өз кезегінде Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын «F-35 ұшағын сатпау Түркияға ғана емес, АҚШ-қа да кері әсерін тигізетінін» айтып, Уашингтонды ондай қадамдарға бармауға шақырған.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі