25-26 сәуірде Нұр-Сұлтанда Сүрия мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі он екінші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, Нұр-Сұлтан форматында бұрын өткен сүрияаралық келіссөздерге ұқсас, алдағы кездесуде Иран, Ресей мен Түркия, Сүрияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен Иорданияның бақылаушылар деңгейіндегі делегациялар қатысады. 25 сәуірде Астана процесінің кепілгер елдерінің екіжақты және үшжақты консультациялары, сондай-ақ байқаушы тараптарының өкілдерімен кездесулері, ал жалпы отырыс 26 сәуірде өтеді.
Нұр-Сұлтан жиналысының күн тәртібінде тараптар ең әуелі Сүрияда қақтығыссыз аймақтар құру, сондай-ақ сол аймақтардың шекарасы мен картасы жайындағы келісімді қамтамасыз ету, бақылау механизмінің міндеттерін белгілейтін құжаттар мен координация орталығы регламентін дайындау сияқты маңызды жұмыстар жалғасын табады. Сонымен қатар, алдын ала күн тәртібіне сәйкес, Сүрия бойынша конституциялық комиссияны құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аудара отырып, саяси процесті одан әрі ілгерлету жолдарын талқылау, сондай-ақ Нұр-Сұлтан процесіне жаңа бақылаушы мемлекеттердің қосылу мәселесі қарастырылады.
Бұдан бұрын Сүрия бейбітшілік келіссөзінің төртінші, бесінші кезеңдері де астанада өткен болатын. Кездесуде Қазақстан Сүрия мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін, бұны тек келісімге келу арқылы шешуге болатынын жария етіп, әлемді бірлікке шақырған еді.