РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко «Ресей мен НАТО азаматтық және әскери бағыттағы ынтымақтастықты толық тоқтатты» - деп мәлімдеді.
"Бүгінгі Ресейдің НАТО-мен қарым-қатынасы қырғи-қабақ жылдарын еске салады. НАТО-ның өзі Ресеймен оңтайлы қарым-қатынастан бас тартып отыр", –деді Грушко.
Грушко сонымен бірге НАТО-ның былтырғы шығыны триллион доллардан асқанын, бұл Ресейдің қорғаныс саласына бөлетін бюджетінен 22 есеге көп екенін жеткізді.
"НАТО-мен қарулы қақтығысқа келетін болсақ, барлық дұрыс ойлайтын адамдар бұған жол берілмейді деп үміттенеді. Бұл адамзат үшін үлкен апат болар еді. Мұны Уашингтон да, Брюссель де жақсы түсініп отыр", – деді Ресей СІМ орынбасары.