Нұрсұлтан Назарбаев Армения экс-президенті Роберт Кочарянға жедел хат жолдады.
«Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-президент Роберт Кочарянға жедел хат жолдады. Онда ол Қазақстанда болып жатқан соңғы саяси жаңалықтар жөнінде айтты және алдағы уақытта жеке қарым-қатынастарын жалғастыра беруге мүдделі екендігін жеткізді» - делінген Кочарян баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
2018 жылдың 26 шілдесінде Армения арнайы тергеу қызметі экс-президент Роберт Кочарянды «Конституциялық құрылымды құлату» бабы бойынша күдікті деп танып, екі айға қамауға алған. Кейіннен Апелляциялық сот Кочарянның экс-президент статусын алға тартып оны бостандыққа шығарған. Желтоқсан айында Кочарян қайтадан қамауға алынды. Сол уақыттан бері сот 18 қаңтарда және 15 наурызда оның қамау мерзімін екі рет ұзартты. Ақпанда Армения арнайы тергеу қызметі Кочарянға қатысты басталған қылмыстық істің аяқталғанын және экс-президенттің «Конституциялық құрылымды құлату», «аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша кінәлі екендігі анықталғанын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?