Иранда 18 маусымда президент сайлауы өтеді. Осы аптада ел Конституциясының Қамқоршылар Кеңесі кандидаттардың соңғы тізімін жариялады.
ИРНА агенттігінің мәліметінше, Иран президенті лауазымына үміткерлер:
- ИИР Ибрахим Раиси – сот билігінің қазіргі басшысы;
- ИИР саяси орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі Саид Джалили;
- ИИР саяси орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің хатшысы Мохсен Резаи Миргаед;
- Мәжілісті зерттеу орталығының басшысы және Иран парламентінің бұрынғы өкілі Алиреза Закани;
- Иран парламентінің қазіргі вице-спикері Амир Хоссейн Газизаде Хашеми;
- 6. Иранның дене тәрбиесі ұйымының бұрынғы вице-президенті және басшысы Мохсен Мехр-Ализаде;
- ИИР Орталық банкінің қазіргі басшысы Абдольнасер Хеммати.
Иран конституциясында президенттіктен үміткердің жасына және біліміне қатысты шарттар жоқ. Президенттік сайлау туралы заңның 37-бабына сәйкес, үміткер болуға өтініш білдірер алдында кандидат сол уақытта атқарып жатқан қызметінен босауы тиіс. Президент заңдарды іске асырумен қатар, жоспарлау, бюджет, басқару және жұмыспен қамту мәселелеріне тікелей жауапты болады. Бірақ бұл мәселелерді басқара отырып орындауды басқа да мемлекеттік қызметкерлерге тапсыруы мүмкін.
Иранның саяси жүйесінде президенттік сайлауға ықпал ететін тағы бір қуатты конституциялық институт – 12 мүшеден тұратын «Конституцияны қорғаушылар кеңесі» бар. Кеңестің міндеті мен өкілеттігі – парламенттік, президенттік. «Сарапшылар кеңесі» мен референдум сайлауларын және бұл сайлауларда үміткер болғандардың конституцияда белгіленген шарттарға сәйкестігін бақылау негізгі міндеті саналады. Кеңестің тағы бір басты міндеті, конституцияның баптарына түсініктеме беру және парламентте қабылданған заңдардың Ислам мен құқыққа сәйкестігін бақылау.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді