Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 2020 жылға қарай 5 млрд долларға жеткізбек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігіне (ӨзА) берген сұхбатында айтты.
«Қазір маңызды міндеттердің бірі сауда-экономикалық байланысты нығайтып, шекаралық қарым-қатынасты әрі қарай дамыту. Бұл салада екі елдің мүмкіндігі жетерлік. Жоспар бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан 2020 жылға қарай тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізбек», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті сұқбатында екі елдің стратегиялық ынтымақтастығының нығаюына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елеулі үлес қосты деп атап өтті. Сонымен бірге, ол екі ел достығының әрі қарай да мәңгі жалғаса беретініне сенімді екенін жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік іссапармен Өзбекстанға барды. Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Ташкент мэрі Жохангир Артыққожаев күтіп алған еді. Сапарда әдеттегідей сауда, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерге қоса көлік-транзит мәселесі де талқыланады күтілуде. Сондай-ақ, Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатыспақ.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы