Алматы облысының Үшарал қаласындағы Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында, сорғы станциясының жөндеу жұмыстары кезінде жарылыс болды.
Жарылыс салдарынан Алакөл ауданының ауруханасына әртүрлі жарақатпен парктің 8 қызметкері жеткізілді, оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. ҚР ТЖК баспасөз қызметі: «10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды», – деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті