Ресей Украинаға әскери қақтығыс болуы мүмкін екендігін айтып, сес көрсетті.
Сәуір айының 10-ы күні Ресей Федералды Кеңесі Керіш (Керчь) бұғазына қатысты арнайы қарар қабылдады. Қарарда Украина кемелері бұғаздан заңсыз өтетін болса, оның арты әскери қақтығысқа алып келуі мүмкін екендігі айтылған.
«Украина тарапының белгіленген тәртіптерді орындамауы әскери қақтығысқа алып келуі мүмкін. Бұл қақтығысқа Украина мен Ресейден бөлек НАТО блогыда араласуы ықтимал» - делінген құжатта.
Естеріңізге салайық, қараша айында Ресей арнайы қызметі Керіш (Керчь) бұғазында Украинаға тиесілі екі катерді ұстап, 24 теңізшіге «шекараны заңсыз бұзып өтті» деген айып таққан. Бұның арты үлкен халықаралық дауға ұласқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды