АҚШ президенті Дональд Трамп: Қырғызстан – демократиялық құндылықтарды қолдауда аймақ көшбасшысы.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліментінше, сәуір айының 8-і күні Ақ үйде өткен сенім грамоталарын табыстау рәсімінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қырғызстанның Америка мен Канададағы өкілетті елшісі Болот Отунбаев кездескен. Кездесу барысында Трамп «Қырғызстан – демократиялық құндылықтарды қолдауда аймақ көшбасшысы» екендігін айтып, алдағы уақытта АҚШ тарапы Қырғызстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізген.
Өз кезегінде Отунбаев Қырғызстан АҚШ-пен арадағы қарым-қатынас одан ары дамитынына және болашақта екіжақты байланыстың жаңа бағыттары ашылатынына үлкен сеніммен қарайтынын айтқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды