АҚШ президенті Доналд Трамп Ақ үй қызметкерлерінің телефондарын түгел тексерістен өткізбек. Мақсаты: БАҚ беттерінде жарияланып кетіп жатқан құпия деректердің көзін табу. Бұл туралы Korrespondent CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Доналд Трамп Ақ үй спикері Шон Спайсерге БАҚ беттеріне кетіп қалып жатқан құпия ақпараттардың көзін табу мақсатында әкімшілік қызметкерлерінің телефондарын тексеруді тапсырды.

CNN-нің хабарлауынша, АҚШ президенті Ақ үйден тарап кеткен артық ақпараттар үшін қатты ашулы болған және сол үшін 24 ақпан күні болған брифингке қатысуға тілшілерге шектеу қойған. Алайда бұл мәліметті Спайсер жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флин мен РФ елшісі Сергей Кисляков арасындағы Уашингтондағы келіссөздері БАҚ беттеріне жарияланып кеткен болатын. Сол себепті де Флинн отставкаға кетуге өтініш жазған.

«The Qazaq Times»