Өткен сейсенбіде, АҚШ Ақүйінің өкілі Шон Спайсер (Sean Spicer) президент Трамптың Ақүй Қауіпсіздік кеңесшісі Майк Флиннің (Mike Flynn) отставкаға кетуін мақылдауы Ресей елшісімен болған қарым-қатынасы туралы пікірлердің наразылығынан екенін түсіндірді. Трамп өзі де Флиннге деген сенімін жоғалтса керек. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Спайсердің айтуынша, Әділет департаменті Флиннің өткен жылғы желтоқсандағы Ресей елшісімен телефондағы тілдесу мазмұны мен хабарласу уақыты туралы берген түсінігінде шатастыру мақсаты бар. Президент Трампта соңғы аптада Флинн жағдайына қатты назар аударған, әрі оның бұл кездегі бет-бейнесінде ешқандай заңға қайшылық байқалмайды деген. Шон Спайсердің айтуына қарағанда, бұл бір сенім мен байланыстың шаралары, бар мәселе оның вице-президентті шатастыруында екен. Президент Трамп әлде қашан оны Ақүй қызметкері деп танымай кетсе керек.
Естеріңізге сала кетейік, Ақүй Қауіпсіздік кеңесшісі Майк Флинн туралы Ресей елшісімен АҚШ-тың құпия шешімі туралы жекелей талқы жүргізген деген айып тағылған еді. Бұл өткен жылдың 28-29 желтоқсандарында деп көрсетілген. Ол кез АҚШ ішкі-сыртқы саясаттағы аса маңызды кезең болғасын да Майк Флинндің ісі қатты наразылыққа ұрынды. Себебі, сол кезде АҚШ-та жаңа президент таққа отыру алдында тұрды. Оған қоса бұрынғы президент Обама АҚШ президент сайлауына араласқаны үшін, Ресейге қаратқан санкцияларын арттырған болатын. Дәл осы кездегі Майк Флинндің ресейлік тұлғамен телефонда тілдесіп, оған санкция туралы айтқаны Ақүй басшыларын сатып кетумен бірдей бағаланып отыр. Бастабында Майк Флинн бұны теріске шығарған. Президенті де ол туралы жаман сөз естімегенін айтып еді. Қос партияның бірдей наразылығынан кейін Майк Флинн ақыры өз еркімен жұмыстан босау өтінішін берген.
“The Qazaq Times”