Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кезекті Мәскеу сапарында ресейлік зымыран қорғаныс жүйесін сатып алу шешімін өзгертпейтінін тағы бір рет қайталады. Бұл туралы ол Мәсеуде Ресей президенті Путинмен бірге өткізген баспасөз жиынында айтты.
Баспасөз жиынында журналистердің S-400 зымыран қорғаныс жүйесіне байланысты сұрағына жауап берген президент Ердоған: «Біздің егемендігіміз шартсыз біздің халқымызға тәуелді. Сондықтан өзге елдің ол туралы сөз айтуына жол бере алмаймыз. S-400 туралы жоспарымызды жасадық, оны жүзеге асырдық, енді одан бас тартуды талап ететіндер бізді танымайтындар. Біз бұл тақырыпта келісімге қол қойдық, демек келісім өзгермейді», –деді.
Оның айтуынша Ресейдің S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сатып алу Түркия үшін аса маңызды, ол және өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына да қатысты шешім.
Түркия өзінің әуе қорғанысын НАТО одақтастары қорғай алмайды деп санайды. Ал, АҚШ тарабы Ресейдің қорғаныс жүйесі НАТО пайдаланатын қорғаныс-әскери техникаларға үйлеспейтінін алға тартып, өзінің қорғаныс жүйесін сатып алуды ұсыныс етеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр