Украина президенттігінен үміткер Петр Порошенко қарсыласы үміткер Владимир Зеленскийді пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды.
Осыған дейін Зеленский пікірсайысқа барлық журналистер қатыстырылсын, оны тікелей эфирде көрсетуге барлық телеарналарға рұқсат берілсін деген талаптар қойған. Зеленский өзін Порошенконың «Кремльдің немесе Коломойскийдің қуыршағы», «ватник» және «малоросс» емес, «Украина президенттігіне кандидат» деп атауын талап еткен.
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықары бюросы Украинадағы президент сайлауының әділ және еркін өткенін айтты. Украина орталық сайлау комиссиясы 31 наурызда өткен президент сайлауында берілген дауыстардың 97%-дан астамын қарап шығып, қорытындысын жариялаған болатын. Нәтижесінде, Шоумен Владимир Зеленскийге сайлауға қатысқандардың 30,22% , қазіргі президент Петр Порошенкоға 15,93%, оппозициялық «Батькивщины» партиясының лидері Юлия Тимошенкоға 13,40% дауыс берген.
Айта кетер жайт, сайлаушылардың арасында Ресей азаматтары жоқ. Жоғарғы рада бұған дейін Ресейді «агрессор мемлекет» ретінде танып, сайлауды бақылау мүмкіндігінен айырған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел