Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Мәскеуге ресми сапармен барып, РФ президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесуде екі үкіметтің жоғары лауазымдылары қазіргі ең шиеленісті мәселелерді талқыға салған.
Путин мен Нетаньяху арасындағы кездесуге Ресей мен Израильдің сыртқы саяси ведомство басшылары, ел басшыларының сыртқы саясаттағы арнайы кеңесшілері және үкіметтегі жоғары лауазымдылар қатысқан.
Орта Шығыстағы соңғы дағдарыс түйіндері Израиль мен Сүрия шекара мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Голан жотасын Израиль территориясы деп танитын құжатқа қол қоюы өңірдегі қайшылықты асқындырды. Израиль мен Сүрияның және өзге де араб елдері арасындағы қайшылық үдей түсті. Сонымен бірге Сүрия мәселесіндегі басты ойыншының бірі ретінде Ресей мен Израиль арасындағы мәмілені бекітуге итермеледі.
Кездесуден бірер күн бұрын Путин еврей мемлекетінің басшысына қоңырау шалып аталған мәселелер туралы талқылаған болатын. Бұл телефондағы сөйлесуден бұрын екі елдегі кейбір ақпарат құралдары Нетаньяху Ресей президентіне Сүрия дағдарысын шешудегі жаңа жобаны ұсынған деген мәлімет тараған. Алайда, Кремль тарабы бұл мәліметті терістеген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді