АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей басшысы Владимир Путиннің қаншалықты жалған сөйлейтіні белгілі болды.
Халықаралық фактілерді тексеру күні қарсаңында «Тһе Washington Post» АҚШ президенті мәлімдемелелері мен күнделікті әңгімелерінің қаншалықты рас-өтірігіне қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады. Нәтижесінде, президент қызметіне кіріскен 801 күн ішінде Дональд Трамп 9451 жалған мәлімет айтқан. «Соңғы 200 күнде Дональд Трамп күніне 22 өтірік айтқан. Бұл президенттік қызметке кіріскен алғашқы жылға қарағанда 5,9 есе көп», – делінген ақпаратта.
Басылымда жазылғандай, «Дональд Трамптың өтірік айтатыны ешқандай да жаңалық емес» және соңғы алты айда Америка басшысының күмәнді мәлімдемелері арта түскен. Олардың қатарында Мексикадағы «мигранттар керуені» мен Корея саммиті жайлы мағұлмат көп тараған.
Мәлімдемелерінде күмәнді ақпарат кездесетін президенттер қатарында Ресей басшысы Владимир Путин де бар. The Insider сайтының мәліметінше, 2016 жылы өткен баспасөз конференциясында бір жарым сағат ішінде Путин он рет жалған сөйлеген. Оның сөзінде халық жағдайының жақсаруы, Уашингтон мен Мәскеу байланысында Ресейдің озық болуы, аймақтардағы қарыздың азаюы, отандық өнімдерге сұраныстың артуы, НАТО альянсымен келіссөз және тағы да басқа жалған мәлімет бар. Осы конференциядан кейін Ресей тілшілері Путиннің мәлімдемесін кезекті «рождестволық ертегі», ал жергілікті халық «мифқа толы әңгіме» деп қабылдайтын болған.