АҚШ тарабы Түркиямен қазіргі дағдарысты келіссөз арқылы шешуге тырыспақ. Бір күн бұрын АҚШ-тың жоғары әскери шендісі осындай мәлімдеме жасады.
АҚШ Бас штаб басқармасының төрағасы Жозеф Дунфорд аталған мәлімдемені Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрімен кездесу кезінде жасаған. Кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәжілісі кезінде Жозеф Дунфорд журналистердің АҚШ-Түркия арасындағы мәселе туралы сұрақтарына жауап берген. Оның айтуынша АҚШ-Түркия арасындағы S-400 және F-35 дау-дамайын Уашингтон тарабы бүтіндей дағдарысқа апарғысы келмейді.
«Өздеріңіз білетіндей, S-400 және F-35 мәселесі өте күрделі. Олардың бір-біріне ұқсамайтын жүйелерден тұратыны белгілі. Біз Түркияға «Патриот» зымыран қорғаныс жүйесін ұсынып отырғанымыз. Жалпы мәселені келіссөзде шешуге тырысамыз. Түркиямен қалайда бір келісімге келетінімізге сенімдіміз», – деді Дунфорд.
Әскери қару-жарақ саудасы әлемдегі күрделі мәселелердің бірі. Егер бір ел кімнің әскери техникасын пайдаланса немесе сатып алса, сол елдің қорғаныс саласы ғана емес, тұтас экономикасы өндіруші елге байланысты, тіпті кей жағдайда тәуелді бола бастайды. Бір танк сатып алған ел оның артынан танктың толып жатқан бөлшектерін де сатып алуына тура келеді. Себебі, техникаларды жаңартып отыру аса маңызды. Әсіресе қорғаныс техникалары тынбай жаңартылатын, нағыз қаржының тынбай талап ететін тетік. БҰл ретте АҚШ әлемді өзінің озық техникаларымен қамдап қана отырған жоқ, сол арқылы экономикасына да белгілі дәрежеде қол сала алады.
Түркияның НАТО немесе АҚШ пен дауы тым арыдан басталған. Бұл тек қорғаныс техникаларының дауы емес, соны бетке ұстаған түпкі мүдделердің дау-дамайы деуге болады.