Еуроодақ кеңесі Грузия азаматтары ЕО-ға 90 күнге визасыз шығуға келісім береді. Бұл туралы BBC.com агентігі хабарлайды.
Ендігі құжатқа ЕО Кеңесі мен Еуропарламент қол қою және аталмыш мәтін ЕО журналында жарық көру керек. Содан 20 күннен кейін ғана визасыз режим өз күшіне енеді.
Бұл дегеніңіз, Грузия азаматтарының іссапармен, отбасымен немесе турист ретінде ЕО елдеріне ешбір визасыз шыға алады. Ол үшін тек қана биометриялық құжаттары болса болғаны.
Визасыз режим Ұлыбритания мен Ирландия елдеріне таралмайды. Себебі, аталмыш елдерде бұл мәселе ұлттық заңнамамен реттеледі.
ЕО мен Грузия арасындағы визасыз режимге қатысты келіссөздер 2012 жылда басталған көрінеді. Ал ЕО визасыз режимге 2 ақпан күні келісім берген. Осыған дейінгі басты тосқауыл болған мәселе: желтоқсан айындағы ЕО елдерінің келісіп қойған визасыз режимді тоқтату механизміболды. Қазірдің өзінде осы визасыз режимді ЕО елдері де, Еурокомиссия да тоқтатуды талап ете алады.
«The Qazaq Times»