Венесуэланың ұлттық кеңесі оппозиция басшысы және өзін елің уақытша президенті ретінде жариялаған Хуан Гуайдоны депутат ретіндегі құқықтық иммунитетінен айырды.
Noticias.com хабарлауынша, Венесуэла ассамблеясы саясаткерді құқықтық иммунитетінен айырып қана қоймай, беделді міндеттерді иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін. Бұған дейін Венесуэла үкіметі Гуайдоны он бес жылдай биліктен аластату туралы шешім шығарған болатын.
Осыған байланысиы Хуан Гуайдо жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, «арнайы қызметкерлер қастандық жасамақ» деп мәлімдеген. Оның айтуынша, елдегі бірде-бір құрылымда құқықтық иммунитеттен айыру құқығы жоқ.
Венесуэладағы саяси дағдарыс қаңтарда ушыға түскен. Сол уақытта Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Гуайдо өзін уақытша үкіметтің басшысы деп жариялаған болатын. Гуайдоны АҚШ-пен қоса 50-ден астам ел қолдады. Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы