«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ның басқарма төрағасы болып Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы тағайындалды деп хабарлайды «Казинформ», «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ-ның баспасөз бөліміне сілтеме жасай отырып.
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың ақпан айынан бастап «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы тағайындалды. Осы жылдың 25 қаңтарында қордың бұрынғы төрағасы Мамыталиев Бауыржан мерзімінен бұрын қызметінен кеткен болатын.
Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын – инженер-құрылысшы, Қазақ экономика институтын – экономист мамандықтары бойынша тәмәмдап, Мәскеудегі Халықаралық қаржы мектебінде (Мәскеу қ-сы.), Халықаралық бизнес академиясында (Алматы қ-сы.), Inteconference LTD with participation of molans and anier municipalitiens (Женева қ-сы, Швейцария), Leadership Foundation fo Higher Education (Лондон қ-сы, Ұлыбритания) және Назарбаев Университетінде білім алған.
Мемлекеттік органдарда, қаржы институттарында, ұлттық, халықаралық компанияларда қызмет етіп, экономика, қаржы саллары бойынша үлкен тәжірибе жинақтаған. Осы уақытқа дейін «Алаутрансгаз» ЖШС-нің қызметкері, ОҚО әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Қызылордадағы филиалының директоры, «Казкоммерцбанк Қырғызстан» басқарушы төрағасының бірінші орынбасары, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы секілді қызметтерді атқарды. Ал «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ның басқарма төрағасы болып сайланардан бұрын «Казатомпром» АҚ-ның атқарушы директоры қызметінде болған.
«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ мен «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ-ның акцияларын иеленбейді.
“The Qazaq Times”