Кеше Тайуан (Тайвань) президенті Цай Иыңвын ханым арнаулы мәлімдеме жасап, Тайуан бұғазынан ұшып өткен Қытай соғыс ұшақтары туралы пікір білдірді. Президент Цай мәлімдемесінде Қытай әскери ұшақтарының әрекетіне наразылық білдірді және қатаң айыптады. Ол бұл әрекет бұғаздың екі жағалауының өз-ара құрмет пен түсіністігіне ауыр нұқсан келтірді деп бағалаған.

Тайуан президенті Цай Иың Вын. Фото: VOA
Тайуанның қорғаныс тараулары жасаған мәлімдемеде, қытайлық екі соғыс ұшағы жексенбі күні сағат 11:00 шамасында Тайуан бұғазының аралық сызықтан өтіп, бұғаздың оңтүстік батысында шарлау жүргізгені айтылған. Бұғаздың Тайуан аралына жақын маңда ұшқан Қытайдың әскери ұшақтарына ескерту беру үшін Тайуан тарабы жауынгерлік ұшақтарын жіберген.
Президент Цай кешегі сөзінде: «Қытай ұшақтарының шекара сызығынан ұшып өтуі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қарата қасақана арандатушылық қана емес, бұл Тайуанның ресми мәртебесіне байланысты келісімдерді бұзу. Бұл істің жауапкершілігін Қытай Халық Республикасы өз мойнына алуы керек», – деген. Ол сондай-ақ, Қытайды аймақтың бір мүшесі ретінде, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін әрекеттерді тез арада тоқтатуға, халықаралық ережелерді сақтауға шақырған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді