Сүрия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс мәжілісіне өтініш жасады, – деп хабарлайды Times.
Сүрия тарапы елдегі жағдай мен Голан жотасының ресми қайтарылуына қатысты өтініш жіберген. Қазіргі уақытта өтініш БҰҰ-да қаралып жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Голан биіктеріне қатысты егемендігін мойындаған декларациясына қол қойған болатын. Еуропалық Одақ Израильдің бөлігі ретінде Голан жотасын мойындамайды және Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қауіпсіздік кеңесін айналып өтіп, осы аумақтың мәртебесін өзгерту БҰҰ шешімдерінің бұзылуы болып табылады.
Айта кетейік, Израиль 1967 жылғы 6 күндік соғыс кезінде Голан жотасын басып алып 1981 жылы бір жақты тәртіпте оларды тіркеді. Голан биіктігі Израиль – Сүрия қақтығысының басты себебі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел