БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Еуропа одағына мүше 5 ел Трамптың Голан жотасын («Голан қорғаны» деп те аталады) Израиль территориясы деп таныған шешіміне наразылық білдірді.
Қауіпсіздік кеңестің тұрақты мүшесі Британия мен Франция және тұрақты емес мүшесі Германия, Бельгия, Польша қатарлы елдер Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамптың Голан жотасы туралы шешімін халықаралық ережелерге қайшы жасалған деп бағалады.
Бес мемлекеттік ортақ мәлімдемесінде қарулы күшпен басып алған және күшпен аннекциялаудың халықаралық ережелерге сай емес екенін, Голан жотасы әлі де Израильге тән еместігін көрсеткен. «Аймақты күш қолдана отырып аннекциялау халықаралық заңдарға қайшы. Біржақты шекара жариялау халықаралық заңдар мен БҰҰ қаулысында мойындалмаған», – делінген мәлімдемеде.
Аталған еуропалық елдер Израиль үкіметі Голан жотасын күшпен аннекциялауды бастаса, бұл халықаралық дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, Сүрияға тәуелді Голан жотасы 1967 жылғы 6 күндік соғыста Израиль жағынан күшпен басып алынған. 1981 жылы Израиль бұл аймақта өз азаматтарын қоныстандыра бастады. 2016 жылы Израиль үкіметі Голан жотасын біржақты өз территориясы ретінде жариялады. Бұл Израиль мен маңындағы араб елдері арасындағы қайшылықты тіпті де асқындырды. Бірнеше күн бұрын Израиль премьер-министрімен кездескен АҚШ президенті Голан жотасын Израиль территориясы деп танитын құжатқа қол қойды. Бұл халықаралық дау тудырған шешімге айналды.