Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми сапарын Мәскеуден бастамақ. Бұл туралы ресми Ақорда сайты мәлімдеді.
3 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы бойынша Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізіледі.
Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуінде саяси, сауда-экономикалық, өңірлік және халықаралық тақырып пен мәдени-гуманитарлық саладағы өзекті мәселелер талқыланбақ.
Айта кетейік, 28 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президентінің көмекшісі Андрей Фурсенкомен кездесті. Кездесуде қандай мәселелердің талқыланғаны әзірше белгісіз.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті