«Ресей Венесуэладан кету керек» - деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Ол Ресей әскерін Венесуэладан қалай шығаратынын әлі шешпегенін, бірақ барлық шаралар қолданылатынын ескертті.
Дональд Трамп бұл мәлімдемесін Ақ үйде Венесуэланың уақытша президенті деп танылған оппозиция лидері Хуан Гуайдоның әйелі Фабьяна Росалеспен кездесу кезінде айтты. Кездесуден Трамптан бөлек АҚШ вице-президенті Майк Пенс те болған. Ол Ресейдің Венесуэлаға әскер жіберуін арандату деп мәлімдеді.
24 наурызда Венесуэла астанасы Каракасқа Ресейдің Ил-62 және Ан-124 әскери ұшақтары қонған. БАҚ беттерінде тараған ақпарат бойынша, ұшақпен жүздеген сарбаз бен 35 тонна әскери жүк жеткізілген.
Сейсенбі күні «Reuters» агенттігі Венесуэлаға барған Ресей әскерінің ішінде арнайы киберқауіпсіздікке жауап беретін мамандар барын екендігін хабарлады.
Венесуэлада бірнеше ай бұрын басталған саяси дағдарыс әлі күнге дейін жалғасуда. АҚШ оппозициялық саясаткер Хуан Гуайдоны қолдаса, Ресей қазіргі президент Николас Мадуроға көмек көрсетіп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?