2016 жылғы сайлауда Трамп пен Ресей арасында жасырын байланыстың болғандығы расталған жоқ.
АҚШ-тың бас прокуроры Уильям Баррдың айтуынша, арнайы прокурор Роберт Мюллердің тергеуі Дональд Трамп пен Ресейдің арасында қарым-қатынас болды дегенді растай алмады. Бас прокурор АҚШ Конгресіне хат жазып, 2016 жылы болған сайлауда Трамп пен оның жақтастарының Ресеймен қандай да бір байланысы болғаны жайлы күмәннің деректермен дәлелденбегенін алға тартып, сайлау барысында әділетсіздік орын алған жоқ деген қорытындыға келді.
Роберт Мюллер 2017 жылдан бастап Дональд Трамптың сайлау штабы мен ресейлік билік арасындағы келісімді зерттеумен айналысып келеді. Оның ойынша, президент сайлауы әділетсіз өткен. Ал Трамп Мюллердің әрекетін «шайтан аулау» деп атаған болатын. Осыған дейін Трамп өзінің Twitter парақшасында «Мюллер – жанжал туғызуды жаны сүйетін адам, ал тергеу – негізсіз және түкке тұрғысыз. Осы тергеуге атсалысып жатқандар біздің ұлтты ұятқа қалдырушылар!» –деп жазды. Бұған дейін Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп: «Тергеуге салынған миллиондаған, миллиардтаған долларлар көкке ұшты. Мен тергеушілердің шалыс басқанына сенімдімін, себебі олар шайтан аулағыштар» – деп сынға алған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді