Франция президенті Эммануэль Макрон Қытай басшысы Ши Жинпиңді Жерорта теңізі жағасындағы шағын қаладағы алғашқы қарсы алудан кейін, Париждегі «Жеңіс қапасында» ресми әрі салтанатты түрде күтіп алды. Алайда, Қытай басшысы Франция сапары кезекті Еуропа сапарындағы алғашқы екі аялдамасынан гөрі үлкен қиындықтарға тап болды.

ҚХР төрағасы осыдан бұрын Италияда Еуропа сапарын бастаған. Италия үкіметі Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасын қолдауға ниет танытқан. Ал, шағын ғана еуропалық ел Монако қытайлық Huawei компаниясының өз елінде 5G телекоммуникациялық желісін дамытуына рұқсат берген.

Ал, Қытай лидерінің Франция сапары екі ел басшысына да бірдей ауыр сынақ болды. Себебі, Ши Жинпиң жөнінен алғанда, оның бұл сапарының мақсаты Еуропада Қытайдың экономикалық байланыстарын кеңейту ғана емес, сонымен қатар басқа ірі жаһандық бәсекелестері алдында (АҚШ-ты атап айтуға болады) Қытайдың саяси ықпалын кеңейту мақсаты да бар. Ал, Макрон мен оның одақтастары Қытаймен болған қарым-қатынаста ЕО-ның ортақ пікірінің бар екенін көрсете отырып, Макрон өзінің де Еуропадағы ықпалды көшбасшы ретінде әйгілеу сынды мақсаттары бар.

Францияның басылымдары екі ел басшысының кездесуін қорытындылағанда, Қытаймен болған байланыста Еуропаның бөлшектері жоқ екенін, әлі де ортақ серіктес болатынын баса айтты. Яғни, Қытай Еуропа елдерімен жекелеген байланысты жүзеге асыру үшін үлкен қиындықтардың бар екенін, ЕО-ға мүше елдер ортақ Еуропалық құндылықтар мен ұстанымдарға жүгінетінін көрсеткісі келді.

Дүйсенбі күнгі күн тәртіп бойынша, Франция мен Қытай басшылары энергетика, азық-түлік және көлік салаларындағы бірқатар келісімдерге қол қойды. Осыдан кейін Макрон Елисей сарайында дастархан жайғызып, жоғары лауазымдылар қатысқан қонағасы өткізді. Бұл қонағасы туралы хабарларда, екі ел басшысы климат өзгерісі туралы ой алмасып, Трамп әкімшілігінің климат өзгерісіне байланысты шешімдері туралы сын-пікірлерін ортаға салған.

Бір сөзбен айтқанда, Қытай басшысының Франция сапары Франция-Қытай ғана емес, ЕО-Қытай қарым-қатынасының бір бөлегіне айналып қалды. Бейжің лауазымдылары өз мақсаттарына қаншалық жете алды, бұны толық түсіндіріп беру қиын. Алайда, Италия мен Монако сапарынан әлде қайда қиын тиді. Әрі, ЕО-ның Қытаймен байланыстағы ұстанымдарын жұмсарта алмады. Сапар қорытындысы алдағы уақытта әлем ақпаратының назарында болмақ.

“The Qazaq Times”