Беларусь астанасында жаппай ұсталулар мен тұтқындаулар болды.
Наурыз айының 25-і күні Минск қаласында Беларусь Халықтық Республикасының құрылғанына 101 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бостандық күні» шарасында милиция бірқатар саясаткерлер мен өнер адамдарын ұстады. Олардың арасында Бірлескен азаматтық партиясының төрағасы Николай Козлов, Беларусь христиандар демократиясы партиясының тең төрағасы Виталий Рымашевский және Дмитрий Войтюшкевич, Павел Аракелян, Игор Ворошкевич сияқты өнер адамдары бар.
Естеріңізге салайық, 22 наурыз күні Қазақстанда да ұсталулар мен тұтқындаулар болған. Полиция қызметкерлері Алматы және Астана қалаларында елорда атауын өзгертуге қарсы шыққан азаматтық белсенділерді ұстаған. Бірақ қарсылық акцияларына қарамастан, наурыздың 23-і күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге байланысты қаулығы қол қойған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?