Қырымды аннексиялау Ресейге қанша шығын алып келді?
«Bloomberg» басылымының мәліметінше, соңғы 5 жылда Ресей экономикасының даму қарқыны санкциялар салдарынан 6 пайызға төмендеген. Сарапшы Скотт Жонсонның сөзінше, Ресей экономикасы 2018 жылдың аяғында 10 пайызға төмендеген және осы уақытқа дейін ресми Мәскеу 150 миллиард доллар қаржы жоғалтқан.
«Соңғы бес жылда Ресейге сырттан келетін инвестициялар көлемі азайған. Бұл өз кезегінде ел халқының табысына әсер етуде. Ресейліктердің еңбек табысы Қырымды аннексиялаған уақыттан бері көтерілмеген. Есесіне Қырым халқының табысы осы уақыт аралығында біршама жоғарлап, Ресей халқының табысына жақындап қалған. Себебі ресми Мәскеу Қырымға осы уақытқа дейін қыруар қаржы құйған» - деп жазды «Bloomberg».
Ресей Қырымды 2014 жылдың 16 наурыз күні болған референдумнан кейін аннексиялаған. 18 наурыз күні Қырым аннексиясына 5 жыл толды. Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин Қырымға ресми іссапармен барды.
Қырым аннексиясын осы уақытқа дейін халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ. Қырымды аннексиялаған уақыттан бері АҚШ санкциясына ілінген Ресей азаматтары мен компанияларының саны 700-ден асқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?