Америка Құрама Штаттары қарулы күштері орта қашықтықта ұшатын екі бірдей зымыран сынағын өткізетінін хабарлады. Бұл «АҚШ-тың Орта және жақын қашықтықтағы зымыранға тиым салу келісімінен» шыққаннан кейін алға рет өткізетін зымыран сынағы болмақ.
Естеріңізде болса, осыдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Кеңес одағы арасында 1987 жылы жасалып, кейін Ресей Федерациясымен жалғастырылған «Орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды шектеу келісімінен» бас тартқанын мәлімдеген болатын. Әрі, Ресейді онсыз да келісімді сақтап отырған жоқ деп сынға алған болатын.
Мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалатын зымырандардың бірі 1000 шақырымға және төмен кеңістікте ұшуға қаблетті круиздік зымыран болса, екіншісі 3-4 мың шақырымға дейін ұшуға қаблетті баллистикалық зымыран.
Құрама Штаттар сынақтан өткізбек болған зымырандардың екеуі де ядролық оқ тұмсықты тасымалдауға қабілетті екені айтылған. Алғашқысы тамыз айында сынақтан өткізіліп, ары қарай 18 ай ішінде қарулы күштердің пайдалануына дайын болмақ. Екіншісі қараша айында сынақтан өткізіліп, бес жыл ішінде өндіріп болады.
АҚШ бұл зымыран сынақтары үшін Азия-Тынық мұхит және Еуропалық одақтастарымен келіссөз жүргізбеген. Яғни, Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, НАТО одақтастары қатарлы маңызды стратегиялық одақтас елдерінің келісуінсіз шешім қабылдап үлгерген.
Сынақтың Тынық мұхитындағы маңызды әскери базасы Гуам аралында жасалатынын ескерсек, бұл АҚШ-тың Ресей, Қытай және Солтүстік Корея сынды қауіпті стратегиялық қарсыластарына ескерту деп бағалауға да болады.