NASA галактикалар соқтығысын көрсетті.
NASA ғалымдары Геркулес жұлдыздар шоғырындағы екі галактиканың соқтығысы бейнеленген фотосуреттерді жариялады. Суреттерді «Хаббл» телескопы түсірген. Спутник жерден 230 жарық жылы қышықтықтағы NGC 6052 ғарыш денесін фотоға түсірген.
NGC 6052 ғарыш денесін алғаш рет 1784 жылы ұлыбританиялық астроном Уильям Гершель ашқан. Ол белгісіз ғарыш денесіне «қисық формадағы галактика» деген баға берген. Бірақ кейіннен ғалымдар NGC 6052 ғарыш денесінің екі галактиканың соқтығысынан пайда болғандығын дәлелдеген.
Біздің галактикамызды да болашақта дәл осындай тағдыр күтіп тұр. Ғалымдардың болжамы бойынша, шамамен 4 миллиард жылдан кейін «Құс жолы» көршілес «Андромедамен» соқтығысады.