НАТО Орталық Азиядағы жағдайларға «саяси эволюция» деген баға берді.

НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы хатшысы Жеймс Аппатурай журналистер алдында сөйлеген сөзінде:

«Орталық Азияда өте қызық «саяси эволюциялық» процестер жүруде. Әсіресе Өзбекстандағы «билік транзиті» аймақтық кооперацияға жол ашты. Біз бұны толықтай қолдаймыз» - деп мәлімдеді.

Аппатурайдың сөзінше, аймақтық әріптестік Ауғанстандағы жағдайларға оң пайдасын тигізеді.

Ақпан айының соңында АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Элис Уэллс АҚШ пен Өзбекстан стратегиялық әріптестіктің жаңа дәуірін бастағандығын айтқан.

"The Qazaq Times"