Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан бірнеше әуе компаниялары Boeing 737 лайнерлерінің ұшуын уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Қазақстан мен Түркия да бар.
Қазақстан азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша: «2019 жылдың 13 наурызынан Қазақстан "Scat" компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты. Қазақстан реестерінде осы модельдегі жалғыз ұшақ тіркелген».
Түрік әуе компаниялары да «Boeing 737 MAX 8» бен «Boeing 737 MAX 9» типті ұшақтарының әуеге көтерілуіне тыйым салды. Бұл туралы Түркия көлік және инфрақұрылым министрлігі хабарлады. Оған лайнердің соңғы 5 айда екінші рет құлауы себеп. Осылайша «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артқан. Осыған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Кей мемлекеттер аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдаған.
Естеріңізге салайық, жексенбі күні Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел