Мониторинг бойынша БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайты жоғары бағаға ие болды және үздік сайттардың бірі болып танылды. Бұл туралы қордың ақпараттық қызметі хабарлады.
Сайт арқылы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметіне қатысты қажетті ақпаратты алуға және кері қоңырау шалуға тапсырыс беріп, «Кері байланыс» бөлімінде сауал жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Басқарма Төрайымының Блогы арқылы Қор басшылығына тікелей сұрақ қоюға болады.
Сондай-ақ, БЖЗҚ ұялы қосымшасы салымшылар мен алушылар арасында үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы Қордың ағымдағы көрсеткіштерінен бастап бөлімшелердің мекенжайларына дейінгі барлық анықтамалық ақпараттарды алуға, Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін білуге болады. Айта кетелік, зейнетақы жинақтары жарналар мен инвестициялық табыстардан құралады. Қазіргі уақытта ұялы қосымша іске қосылған күннен бастап 1,9 млн рет жүктелген. 2018 жылғы көрсеткіш – 755 мың жүктелім болатын.
Бұдан басқа, салымшылар мен алушылар кез келген уақытта Қордың байланыс орталығының 1418 тегін нөміріне қалалық және ұялы телефоннан хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті ақпараттарды, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер мен зейнетақы заңнамасы бойынша кеңес ала алады. 2018 жылы байланыс орталығына 355 мың рет қоңырау шалынған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35 пайызға жоғары.
Сонымен бірге, 2018 жылы Қордың барлық байланыс арналары бойынша азаматтардан 543,1 мың өтініш түстікен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы