АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары келісімге келе алмағаннан кейін, әлем елдерінің ақпарат кеңістігінде Солтүстік Корея зымыран сынақтарын қайталауға дайындалуы мүмкін деген болжамдар көбірек айтылды. Жексенбі күні Трамп үкіметі жасаған мәлімдеме бұны жоққа шығарды.

Осыдан бұрын АҚШ-тағы зерттеу орталығы жасанды жер серігінен түсірілген суреттерін алға тарта отырып, Солтүстік Кореяның кейбір сынақ полигонын қайта қалпына келтіріп жатқанын айтқан еді. Ақ үй бұл суреттерге түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ, Солтүстік Корея  ядролық немесе зымыран сынақтарын қайталауын «фантазия» деп бағалаған.

Солтүстік Кореяға байланысты бұндай мәлімдемені Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Болтон өзінің ABC арнасындағы сұхбатында айтқан. Ол Құрама Штат тарабы Солтүстік Кореяны «үзбей бақылап отырғанын», «коммерциялық спутниктің суреттеріне байланысты түсініктеме бере алмайтынын» айтқан.

Болтон Солтүстік Корея полигондарына қатысты Ақ үй ресми қорытынды жасайтынын ескертті. «Біз олардың қазір не істеп отырғанын анық білеміз. Әр күні барлау қызметінің есебін қарап отырмыз», – дейді Болтон.

Жұма күні президент Трамп та бұған қатысты өз пікірін білдірді. Ол Солтүстік Кореяның бұндай қадамға бармайтынына сенеді, әрі Солтүстік Корея ядролық сынақтарды қайталаса бұның «Солтүстік Корея үшін зардабы ауыр» болатынын ескерткен.

Президент Трамп Солтүстік Корея мәселесінде өзінің Обама үкіметімен салыстыра отырып, табысты сынақтар жасап жатқанын айтқан. Ол сөзінде: «Мен алғаш қызметке кіріскенде, Обама үкіметінің тұсында Солтүстік Корея апатпен бірдей еді. Сіздер білесіздер ме, білмейсіздер ме, әңгіме онда емес, бәрің тек соғысқа қарай кетіп бара жатқан едіңдер. Мен сол былықпалықты қабыл алдым. Егер сынақ болмаса, ештеңе де болмайды. Енді біз не болып жатқанын қарап көрейік...», – деген.

“The Qazaq Times”