Өткен аптаның соңғы күндері Алжир азаматтары наразылық шеруіне шығып, 82 жастағы президент Бутефликаның президенттік сайлауға түсуіне қарсылық танытты.
Белсенділер наразылық шеруін әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырған. Бұл Алжирде соңғы 20 жыл ішінде болмаған массалық демонстрация. Ұйымдастырушы белсенділер берген мәліметте 20 млн адам қатысты делінген. Наразы топпен полицейлер арасындағы қақтығыстан 50 адам жарақат алған және 45 адам тұтқындалған.

Миллиондаған адам нарзылық шеруіне шықты. Фото: GETTY IMAGES/BBC.
Бұған дейін 4 кезек президент болған Абделазиз Бутелика 2013 жылы инсульт алғандықтан жұрт көзіне көп түсе бермейді. Ол белсенділерге қарата мәлімдеме жасап, халықтық шерулерді үшінші күштер пайдаланып кетуінен, нәтижесінде елде аумалы-төкпелі тұрақсыздық орнауынан сақтануды ескертті.
Наразылық акциясын әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырғандықтан, ереуілшілердің басым көбі жастар болған. Әрі ел жастарының 30 пайызынан көбі жұмыссыз болғандықтан, олардың билікке деген наразылығы өршіп тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?