Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдің "одақ құру" ұсынысын қарауға дайын екендігін мәлімдеді.
Беларусь тедеграф агенттігінің мәліметінше, наурыз айының 5-і күні Александр Лукашенко еуропалық ұйымдармен әріптестік орнату және ынтымақтастық форумында Ресеймен одақ құруға байланысты мәлімдеме жасаған.
«Беларусь (Ресеймен – ред) одақ құру бастамасын қолдайды. Бұны бірінші кезекте біздің Ресей Федерациясындағы жақтастарымыз бен қарсыластарымыз естісе екен деймін. Десе де, аталмыш одақтың басты ұстанымы біздің азаматтарымыз бен кәсіпорындарымыздың теңдігі. Басқа шарт бойынша қандай да бір одақтың болуы мүмкін емес. Теңдік шарты сақталуы тиіс. Егемендік постулаттары Беларусь үшін берік болып қалады» - деді Лукашенко.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Лукашенко Ресеймен ортақ валюта енгізуге де дайын екендігін айтқан. Жалпы, оның соңғы бір аптада осыншалықты деңгейде белсенді болуын сарапшылар алда келе жатқан президент сайлауымен байланыстырады. Олардың сөзінше, Лукашенко бұған дейін жасалған Ресей ұсыныстарын уақытша қолдау арқылы сайлау кезінде Мәскеуден қаржылай және өзге де ресурстар алудың жолын жасауда.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?