Американың 45-ші президенті Доналд Трамп қызметіне кіріскен кезінде-ақ АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызатынын жеткізген болатын. Енді Трамп Мексика шекарасындағы құрылыс жұмыстарын жоспардан бұрын бастауға бұйрық берді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлайды.
«Біз қорған тұрғызамыз және оны мерзімінен бұрын, жақын арада бастап та кетеміз», – дейді АҚШ президенті жұма күні болған консервативті саяси іс-шаралар конференциясында.
Агенттіктің хабарлауынша, Трамп «қашан да америкалықтардың бірінші орында тұратындығын» және «елдегі жаман адамдарды қуғынға ұшырататындығын» айтқан.
Екі ел арасындағы қабырға Мексикадан АҚШ-қа кіретін заңсыз иммигранттар ағынын тоқтатуға бағытталған. Трамп аталмыш құрылыстың наркомафияға тосқауыл болатындығына сенімді.
Ақ үй басшысы бұл қорған үшін америкалықтар бір тиын да төлемейтіндігін, барлық қаражатты мексикандықтар өз мойнына алатындығын жеткізді.
АҚШ ІІМ-нің мәліметіне сүйенсек құрылыстың құны $21,6 млрд АҚШ доллары.
«The Qazaq Times»


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді