Рим папасы Франциск Ватиканның құпия мұрағаты 2020 жылы халыққа ашық болатынын мәлімдеді. Онда Дүниежүзілік екінші соғыс кезіндегі көптеген деректер сақталғандықтан, еврейлер Ватикан мұрағатының ашылуын көптен күткен болатын.
Католиктердің рухани көсемі папа Франциск мәлімдемесінде, құпия мұрағаттың Пий XII кезеңі жұртқа қолжетімді болатынын айтты. Папа Пий XII 1939 жылы 2 наурыздан 1958 жылы 9 қазанға дейін Ватиканның діни көсемі болған. Еврей халқы сол кездегі Рим папасының еврейлерге бағытталған қырғынға көз жұма қарады деп айыптайды.
Бірақ, «Шіркеу тарихтан қорықпайды», – деген папа Франциск сол кезеңдегі құпия мұрағаттар 2020 жылы 2 наурыздан бастап халыққа қолжетімді болатынын мәлімдеді.
Айта кету керек, Дүниежүзілік еврейлер комитеті аталған мұрағаттың ашылуын 30 жылдан бері талап етіп келе жатқан болатын. XX ғасырдың қанды таңбаларынан тыс, Ватиканның құпия мұрағаты сионизм мен христиан жұрты арасындағы кейбір талас-тартыстар үшін де маңызды.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?