АҚШ әскері Сүрия аумағынан ондаған тонна алтын алып кеткен.

Сүрияның «SANA» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ армиясы Дейр-эз-Зор провинциясынан террористермен келіссөздер жүргізу барсында 50 тонна алтын алып кеткен. «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының содырлары АҚШ-қа жандарын аман алып қалу мақсатында 40 тонна алтын берген. Қалған 10 тонна алтынды АҚШ сарбаздары «Ислам мемлекетінің» жасырын қоймаларынан алған.

Содырлар алтындарды Ирак пен Сүрия аумағынан барымталап, Дейр-эз-Зор провинциясы аумағындағы Багхуз елдімекені маңына жасырған.

"The Qazaq Times"