Қырғызстанда «48 сағатқа ғайып бол» атты ғаламтор ойыны кеңінен белең алуда. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ата-анасының рұқсатынсыз үйінен қашып, екі тәулік ешқандай байланыссыз тығылып отыратынға ұқсайды.
Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 99 азаматқа іздеу жарияланған. Осы уақытқа дейін олардың 91- табылып, қалған 8 бала туралы ақпарат әлі күнге дейін шықпаған. Алайда, Қырғызстанның құзырлы орындары жастардың жоғалуына ғаламторлық ойынның ешқандай қатысы жоқ екендігін айтуда.
Бірақ, Қырғыз мектептеріндегі ата-аналар мен балаларға жүргізілген психологиялық кеңестердің көптеп өтуіне мән берсек, онда жағдайдың шынымен де қиындап бара жатқандығын аңғаруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз жыл бұрын «Көк кит» атты ойын ТМД көлемінде кеңінен таралған. Ойынға кірген оқушылардың көбі өздеріне қол жұмсап, түрлі тапсырмаларды бұлжытпай орындаған. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға азапты тапсырмалар берген ойынның авторы Ресейден ұсталған болатын.
Ал, «48 сағатқа ғайып бол» ойыны кімнің, не үшін шығарғандығы әзірге белгісіз. Бірақ, Қырғызстанның құзырлы орындары мұның ары қарай өршіп кетпеуіне тосқауыл қоямыз деп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?