АҚШ-та президенттікке таласқандар саны артты деп хабарлайды Washington Post.
Қазірдің өзінде жиырмадан астам адам президенттікке кандидатурасын ұсынған. Мәселен, демократиялық партиядан жазушы Марианна Уильямсон, сенаторлар Кори Букер, Берни Сандерс, Камала Харрис, Өкілдер палатасының мүшелері Тулси Габбард, Джон Делейни, экс-министр Хулиан Кастро ел басқаруға үмітті. Ал республикашылар партиясынан қазіргі президент Дональд Трамп, экс-сенаторлар Боб Коркер мен Джефф Флэйк, 1989-1993 жылдары АҚШ вице-президенті аппаратының басшысы болған Уильям Кристол және өзге де бес үміткер бар.
Аталған екі ірі топтан бөлек, 1971 жылы құрылған Америкадағы үшінші саяси ұйым, яғни Либертариан партиясы да өз үміткерлерін ұсынып отыр. Сарапшылардың болжауынша, Дональд Трамп пен губернатор Уильям Уэлд президент болуға басты үміткерлер қатарында.
Айта кетейік, Құрама Штаттарындағы кезекті президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. Ал қазір ел басқарып отырған Дональд Трамп – АҚШ-тың 45-ші президенті.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі