Ұлыбритания Лейбористік партиясының көшбасшысы Джереми Корбин Brexit жоспарына қатысты екінші референдум өткізуге қатысты қолдау білдірді.
Осы уақытқа дейін кезекті референдумға түбегейлі қарсылық білдіріп келген Корбин елдегі парламент мүшелерінің қызметтен бас тартуын тоқтату үшін осындай қадамға барған. «Times» басылымының мәліметінше, британиялықтардың басым бөлігі жаңадан құрылған Тәуелсіз парламентарийлер тобына қолдау білдіргендіктен, Лейбористік партияға деген сенім көрсеткіші азайған. Сол себепті Корбин Brexit-ті қайта қарау мақсатында референдум өткізу керектігін айтты.
Алдағы уақытта ел премьер-министрі Тереза Мэй жоспарына қатысты сенімсіздік вотуымы жариялануы мүмкін. Бұған Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына арналған келісімдегі шарттар ішкі-сыртқы миграция, шекара мәселесіне байланысты қайшылық тудыруы және халық талабына сай болмауы себеп болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы