Ресей Тәжікстанға әскери құрылғылар берді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей Тәжікстанға қайтарымсыз көмек ретінде жалпы құны 9 миллион долларды құрайтын әскери құрылғылар берген. Көмек екі ел президенттерінің келісімінен кейін жүзеге асырылған.
Құрылғылар арасында әуе-қорғаныс жүйелері мен ұшақ және өзге де әуе нысандарын табуға арналған радиолокациялық станциялар бар.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей тарапы «Тәжікстанның Ауғанстанмен арадағы шекарасы аумағына «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының содырлары жиналуда, оларды Пәкістаннан тікұшақ арқылы тасымалдауда» деген мәлімдеме таратқан. Бірақ Тәжікстан билігі Ресейдің бұл мәлімдемесін жоққа шығарып, Ауғанстанмен арадағы шекара толықтай бақылауларында екендігін айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?