Әлемнің ондаған мемлекеті уақытша президент ретінде таныған Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хуан Гуаидо Лима үкіметінің өкілдерімен кездесу үшін Колумбияға барды.
Аталған жиында талқыланатын басты мәселе Колумбия шекарасындағы Венесуэлла оппозиция жақтастары мен әскерилердің қақтығысы арасында болмақ. Қазіргі таңда қақтығыстан үш адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақаттанған.
Бүгінде Венесуэланың президенті Николас Мадуро АҚШ, Бразилия, Колумбиядан келетін гуманитарлық көмектен бас тартып, Венесуэланың көмекке мұқтаж емес екендігін мәлімдеді.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Лима үкіметінің өкілдері мен Гуаидо арасындағы жиында Мадуроға халықаралық қысымды арттыру тақырыбы талқыланатын болады. Себебі, Каракас оппозиция мүшелеріне жіберген гуманитарлық көмектен бас тартып, жаңа санкциялар салынса да қорықпайтындығын мәлімдеп отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті