АҚШ мемлекеттік хатшысы Венесуэла президенті Николас Мадуроны елін тастап кетуге дайын тұр деп мәлімдеді. Майк Полмпеоның айтуынша, жекелік ұшағын да дайындап қойған Венесуэла президентін тек Ресей тарабы елде қалуға көндіріп отыр.
«Оның ұшағы әуежайда дайын тұр. Меніңше, ол тіпті бүгін таңертең-ақ (сейсенбі) ұшып кетуге дайын еді. Бірақ, ресейліктер оның елде қалуы керектігін түсіндірген», – деген Помпео CNN арнасына берген сұхбатында.
АҚШ жоғары лауазымдыларының мәліметіне қарағанда, Мадуроның жанындағы үш сенімді серігі, президенттің елден шығып кетуі бойынша оппозицияның шарттарына келісім берген. Артынша, уәделерінен тайып кеткен.
Ел астанасында қарулы күштер мен оппозиция арасында қақтығыс болды. Мадуро Хуан Гуайдо бастаған оппозициялық топты бүлікшілер қатарлы атаған. Әрі, олар мақсатына жете алмады деп мәлімдеген.
Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон Венесуэладағы оппозициямен келіссөз жүргізіп келе жатқан лауазымды тұлғаның бірін елдің қорғаныс министрі Владимир Падрино деп көрсеткен. Қалған екеуі – Жоғары сот төрағасы мен президентті қорғау қызметінің жетекшісі екенін айтқан.