Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрлікке Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынды.
«Мемлекет басшысы премьер-министр лауазымына Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынып, парламент мәжілісінің қарауына жолдады» - делінген Ақорда баспасөз қызметінің «Twitter» парақшасында.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары президент ұсынысын бір ауыздан қолдады.
Асқар Мәмин 1965 жылы 23 қазан күні Ақмола (Целиноград) қаласында дүниеге келген.
Білімі
— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);
— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;
Отбасылық жағдайы
Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.
Еңбек өтілі
- Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);
- Целиноград облыстық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасында борышын өткерген (1988-1991);
- Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары (1991-1993);
- "Интер-Ишим" ҚК бас директоры (1993-1996);
- Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);
- Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1998-2000);
- Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002);
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (2000-2001);
- "Инком Астана" ЖШС бас директоры (2002-2003);
- Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (2003-2004);
- Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006);
- Астана қаласының әкімі (2006-2008);
- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016);
- Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016);
Басқа лауазымдары
- "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);
- "Қазақстанның даму банкі" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);
- "Kazakhstan Engineering" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);
- Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының вице-президенті (2007);
- Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы президенті (2008-2012, 2016 жылы қайта сайланды);
- Мәжіліс жанындағы "НҰР ОТАН" ХДП фракциясының мәслихаттар және азаматтық қоғам институттарымен байланыс бойынша кеңес мүшесі (2007);
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (2008-2010);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік, логистика және байланыс комитетінің орынбасары (2014-2016);
- "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2015-2016);
- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы (2016);
- Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесіндегі өкілі (2016);
Партия құрамындағы қызметі
- "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің мүшесі;
- "Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы (2006-2008);
Марапаттары
- "Ерен еңбегі үшiн" медалі (Қазақстан Республикасы — 1998);
- "Құрмет" ордені (Қазақстан Республикасы — 2006);
- "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі (Қазақстан Республикасы – 2008);
- Қасиетті сенген князь Даниил Московский ордені (Ресей Федерациясы – 2010);
- Екінші дәрежелі "Барыс" ордені (Қазақстан Республикасы – 2011);
- Астана қаласының құрметті азаматы (Қазақстан Республикасы – 2011);
- Құрметті теміржолшы (Қазақстан Республикасы – 2012);
- Құрметті Легион орденінің кавалері (Француз Республикасы – 2013);
- Міндет Крестінің гранд-офицері (Латвия Республикасы – 2013);
- Қазақстанның құрметті құрылысшысы (Қазақстан Республикасы – 2013);
- "Азаматтық еңбегі үшін" орденінің үлкен кресті (Испания корольдігі – 2014);
- "Дустулик" ордені (Өзбекстан Республикасы — 2017);
Ғылыми атағы
- Техникалық ғылымдар кандиаты;
Әскери қызметі, әскери шені
- Запастағы полковник;
Естеріңізге салайық, ақпан айының 21-і күні Нұрсұлтан Назарбаев «үкімет отставкаға кетуі тиіс» - деп мәлімдеген. Ол өзінің бұл шешімін «Үкіметтің өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындамауымен» түсіндірген.